Хоргос емес – Қорғас

Dalanews 06 сент. 2016 11:09 961

Хоргостың жетекшісі ұсталыпты. Ұстала берсін. Айтайын дегенім ол емес.

Осы 25 жылда біз, қазақтар Шығыс қақпа саналатын негізгі нысанды Қорғас деп атай алмай-ақ қойдық. Хоргос емес, Коргас емес пе. Орысша айтқанның өзінде осылай. Өз тілімізді өзіміз қашанғы мазақ қыламыз? 

Жарайды, тәуменді болсақ бірсәрі. Түсінер едік. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды емес пе? Бұдан кейін қазақтың ар-намысы туралы мәселе көтерудің өзі ұят. Билікте отырғандар бұл туралы мүлде ойланбайды, құдай біледі. 

 Біз өз тілімізді мазақтап жүрсек бізге Тәуелсіздік не керек? Оны тойлап не қажеті бар? Егемендікті не үшін алдық? 

 

Журналист Мұхтар Мұхамбетжанның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.


Рекомендовать
Последние новости