Хаменованың ісі сотқа түсті

Dalanews 31 мая 2022 09:06 792

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа түсті.

«26 мамырда Атырау қаласы №2 сотының өндірісіне Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс келіп түсті», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова өткен жылдың желтоқсан айында Абай ескерткішін орнату үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Рекомендовать
Последние новости