«3,7 млн теңгенің затын 10 млн теңгеге сатып алмақ!». «ҚазМұнайГазға» қарасты компания квадракоптерге қыруар қаржы шығындамақ

Dalanews 01 июн. 2022 03:11 895

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына қарасты «КМГ Инжиниринг» ЖШС-ның Атырау облысындағы филиалы өздеріне кәсіби квадракоптерді өз бағасынан әлдеқайда қымбат бағада сатып алуға келсікен, – деп хабарлайды Protenge каналы. 

«КМГ Инжиниринг» компаниясының Атырау облысындағы филиалы нарықта құны 3,7 млн теңге болатын кәсіби квадракоптерді 10 млн теңгеге сатып алу келісіміне қол қойған.

Осылайша Ұлттық компанияның еншілес кәсіпорыны 10 млн теңгеге бір ғана квадракоптер сатып алмақшы.


Protenge каналы келсімде көрсетілген квадракоптердің техникалық сипаттамасын танысып шыққан соң, ондай ұшу құрылғысының нарықтағы бағасы 3,7 млн теңгеден аспайтынын анықтаған.

Рекомендовать
Последние новости