Халықтың несиелік қарызы 5,6 трлн. теңгеге жетті

Dalanews 05 сент. 2018 05:59 1023

Қазақстандықтардың несие бойынша қарызы 5,6 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды ranking.kz сайты. 

«2018 жылдың маусым айының соңында жеке тұлғаларға берілген несиелер бойынша (екінші деңгейлі банктерде, микроқаржы ұйымдарында, онлайн және т.б.) жалпы несие қарызы 5,6 трлн теңгені құрады», - делінген зерттеуде.
Бұл сома өткен аймен салыстырғанда 2,3% көбірек. Бөлшек қарыздардың жартысынан астамы - кепілсіз тұтынушылық несиелер. Олардың үлесі бір айда 51,3% -тен 51,7% -ке дейін өскен.

Маусым айында бөлшек несиелерді беру құрылымында онлайн-компаниялардың үлесі тек 2% құрады. Бұл - биылғы жылдың ең төменгі көрсеткіші. 2018 жылдың алғашқы жартысындағы ең жоғары көрсеткіш наурыз айында (4,1%) байқалған.

Рекомендовать
Последние новости