Вице-министр Токиодағы интернет Астанаға қарағанда жақсы екенін мойындады

Dalanews 24 янв. 2024 09:37 2290

 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Жапониядағы интернет Қазақстанға қарағанда жақсы екенін мойындады, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі. Мәжіліс кулуарында журналистер вице-министрден Жапония да Алматы секілді сейсмикалық қауіпті аймақта болса да алдын ала ескерту жүйесі неліктен озық екенін сұрады.

 

"Жалпы Жапонияда бәрі жақсы ғой", - дейді вице-министр.

 

Журналистер мұны Асхат Оразбек бұған дейін министр Бағдат Мусин айтқан пікірге қарсы ой айтты деп түсінген. "Мен министрге (Мусинге) қарсы шығып тұрған жоқпын. Министр Астанада Токиоға қарағанда интернет жақсы деп айтқан болатын: себебі компанияның есебі бар. Ол есеп ай сайын жүргізіледі. Нақты сол айда, 5G енді пайда бола бастаған кезде компания Астанада Токиоға қарағанда интернет жақсы екенін жеткізген болатын", - дейді Асхат Оразбек. Еске салайық, былтыр 25 шілдеде цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды интернетті үнемдеуге шақырып, еліміздегі интернет сапасы Токиодан жақсы екенін мәлімдеген болатын. Министрдің бұл мәлімдемесі Желіде қызу талқыға түсіп, түрлі мем тараған болатын. Сурет:elements.envato.com

 

 

 


Рекомендовать
Последние новости