ҰҚК шекара қызметінің экс-төрағасы Ділманов бостандыққа шықты

Сағыныш Сардарова 08 авг. 2025 13:48

ҰҚК шекара қызметінің экс-төрағасы Дархан Ділманов бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

2023 жылы "билікті асыра пайдаланды" деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айырылған ҰҚК шекара қызметінің экс-төрағасы Дархан Ділманов бостандыққа шыққан.

Бұған дейін Дархан Ділмановтың дүние-мүлкі тәркіленіп, генерал-лейтенант әскери атағынан айырылатыны хабарланған. Оған мемлекеттік қызметте істеуге де тыйым салынды.

Ол 2022 жылғы маусымда қамауға алынған болатын. Қылмыстық іс қозғалуына қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттеріндегі заңсыз схема түрткі болған еді.

"Сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтеуіне байланысты босатылды", - деп жазылған ІІМ ҚАЖК хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости