«Үндемеген депутат жұмыс жасамайды деген түсінік қате». Лимонад ұрттаған депутат ойын айтты

Dalanews 26 мар. 2024 09:47 3060

Күні кеше ғана Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза өзінің Фейсбук парақшасында «Бес күн мейрам өте шықты. Ертең жұмыс аптасы басталмақ. Әлбетте, ел үшін, жер үшін жұмыс істейміз. Қайтадан жұмыс режимына ораламыз. Костюм, галстук, ақ көйлек пен шөткіленген туфли, салмақты сөз, ойлы көз… 690 теңге тұратын лимонадты ұрттап, Астананың көктеміне тамсанып отырмын. Ел тыныш болсын, жұрт аман болсын!» деп жазба қалдырыпты.

Осыдан кейін желі қолданушысы Ербол Молдабек есімді желі қолданушысы Мәжіліс депутат Самат Нұртазаға былайша сұрақ қойыпты:

– Депутат болғаныңызға біраз болды. Осы уақытта қанша депутаттық сауал жолдадыңыз? Қандай маңызды мәселелердің шешілуіне ықпал еттіңіз? Жалпы, жыл бойына жасаған жұмысыңыз жайлы осы Фейсбук арқылы сайлаушыларыңызға, Фейсбук достарыңызға есеп беру жоспарыңызда жоқ па? – деген ғой. Өз кезегінде депутат Самат Мұртаза былайша жауап қатыпты.

– Ербол Молдабек, депутаттық сауалдың екі түрі болады. Әр сәрсенбіде сөйлейтін сауал және министр мен әкімге жазбаша жіберетін сауал. Сауалдардың саны көп болған соң, бәрін ауызбен айту мүмкін емес. Сондықтан көпшілігі жазбаша жібереді, – деген депутат жалпылама жауаппен құтылып кетуді жөн санаса керек. Ал желі қолданушысы бұл жауапқа қанағаттанбай халық қалаулысына тағы да сұрақ қойыпты:

– Мәжілістің ресми сайтындағы депутаттық сауалдарды қарап отырамын, онда барлығы түгел жарияланады. Сіздің бастамашы ретінде жолдаған сауалдарыңыз некен-саяқ-ау, тіпті есімде де жоқ, – депті.

Өз кезегінде депутат Самат Нұртаза былай деп жауап қатыпты.

– Ербол Молдабек «Аманат партиясының барлық депутаттары партия саясатын қолдайды және партиялық солидарность (қазақша аудара алмадым) танытады.

Сондықтан біреу айтты, біреу айтпады деген маңызды емес. Бір депутат оқиды, қалған «аманаттықтар» бір-бірін қолдайды. «Оқыған адам жұмыс жасайды – үндемеген депутат жұмыс жасамайды» деген түсінік те қате. Өкінішке орай қоғам солай ойлайды, – деп депутат «Аманат» партиясының депутаттары бірін-бірі қатты қолдайынын ашып айтыпты.


Рекомендовать
Последние новости