Ұлттық табысты әділ бөлудің жолы қандай?

Азамат Қойшығара 07 февр. 2024 11:18 18679

Бұл сұраққа Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауап берді, деп жазады Dalanews.kz.

Мемлекет басшысы Мемлекеттік кірістер комитетінде 2000-2014 жылдары іске қосылған 14 ақпараттық жүйе бар екенін еске салды.

"Олардың көбі кеңінен қолданылмайды. 2021 жылы бұл жүйелердің бәрі халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен 12 жыл бойы жасалған жаңа жүйелермен алмастырылуы керек еді. Бірақ қаражат игерілгеніне қарамастан, еш нәтиже жоқ. Ведомствоның барлық ақпараттық жүйесіне тәуелсіз IТ-аудит жүргізуді тапсырамын", - деді Тоқаев.

Оның пайымынша, жаңа Салық кодексін әзірлеумен қатар Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа ақпараттық архитектурасын қалыптастыру қажет.

"Жалпы, салық және бюджет саласына түбегейлі реформа қажет. Соның арқасында мемлекет пен бизнестің арасында жаңа қоғамдық шарт жасалмақ. Осылайша, ұлттық табысты әділ бөлудің парасатты жолы қалыптасады. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған негізгі басымдық", - деді Мемлекет басшысы.


Рекомендовать
Последние новости