Ұлттық құрылтай халықтың бірлігін нығайтатын алаң

Жақсыбек Жиеналиев 15 мар. 2024 19:17 4181

Бүгін Ұлттық құрылтай Атырауда өтті. Елдің қалауы, ойы, пікірі, наразылғы дәл осы алаңда айтылады. Осыған дейін Ұлттық құрылтайда көтерілген біраз мәселелер өзінің оң шешімін тапқаны белгілі.

Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсыныстары негізінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің жоспары бекітілді, электронды темекіні/вейпті тұтынуға, сатуға тыйым салынды, балалардың құмар ойындарға және компьютерлік ойындарға (лудомания) тәуелділігінің алдын алу бойынша жол картасы қабылданды.

Құрылтай мүшелері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша заң жобаларын дайындауға қатысты. 

Азаматтардың ұсыныс-пікірлерін жинау үшін анайы сайт әзірленді, #Egov базасында Quryltai қосымшасы іске қосылды. Бұл атқарылған жұмыстың аз ғана бөлігін тізіп отырмын. 

Өткен жылы Қазақстан аумағында Ұлттық құрылтайдың жұмысын халықтың қабылдауына арналған жаппай сауалнама жүргізілді.

Өткізілген жаппай сауалнама халықтың Ұлттық құрылтай мен оның жұмысы туралы хабардар екенін көрсетіп отыр, 18-28 жас аралығындағы 32%, 41-60 жас аралығындағы 47,4%–ға дейін мұндай органның бар екенін білетіні анықталды.

Жалпы, Ұлттық құрылтайдың отырыстары Ұлытау, Түркістан, Атырау сияқты тарихи орындарда өтуінің өзі символдық мәнге ие. Бұл ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге және халқымыздың бірлігінің нығаюына ықпал ететін алаң. Халық пен билік арасындағы диалогтың сапасын арттыратын негізгі институт ретінде рөлі жоғары.


Рекомендовать
Последние новости