Ұлттық асханамызды әлемге танытудың амалы бар ма?

Dalanews 09 мая 2019 18:38 1108

"Еуразия әлемі" пікірсайыс клубының кезекті басқосуы «Дәстүр және еуразиялық қонақжайлық: Еуразияның мәдени-аспаздық картасы» атты тақырыпқа арналды.

Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша, тағам түрлері неғұрлым көп болса, сол елге деген туристердің қызығушылығы да жоғары болмақ.

«Туристер жақсы тамақтана алатын елдерді жиі таңдайды. Аспаздық дәстүрі ерекше дамыған Францияға француз асханасының дәмін тату үшін жыл сайын 5 млн. адам келеді екен. Ал Мюнхендегі әйгілі «Октоберфест» сыра байқауына 6 млн-нан астам жиналады.

Қазіргі жастардың көпшілігі фаст-фудпен тамақтанады. Бұл бір жағынан ыңғайлы. Жылдам. Уақыт жоғалтпайсың. Алайда зияны да жетіп артылады.

Былтырғы жылы Еуразиялық одақ аумағында құрамында ГМО бар өнімдерге қатысты талаптың қатаңдауы тегін емес. Ендігі жерде азық-түліктің құрамында ГМО болса, бұл жазу тауардың бетінде үлкен әріппен жазылуы қажет», - деді ол сөз орайында. 

Ал журналист Владислов Юрицынның пікірінше, Орта Азияның асханасын ортақ бренд аясында насихаттау қажет.

«Алматыдағы ахуалға келер болсақ, оңтүстік астананың жаһандану ықпалына түсіп кеткенін аңғару қиын емес. Ресторандар мен кафелердің атауы - «Венеция», «Версаль» және осы сияқты шетелдік атауларға тұнып тұр», - деді ол.

Өз кезегінде саясаттанушы Рұстам Бұрнашев: «Отандық аспаздық саланы дамыту үшін ең алдымен жарнама қажет. Жарнама жасанды болмауы қажет. Грузин асханасы осы жағынан ұтып тұр» деген пікір білдірді.

Шараны түйіндеген  Magnum Cash&Carry компаниясының PR-менеджері Дмитрий Шишкин: «Фаст-фуд бүгінгі дәуірдің тағамы. Онымен бәсекелесудің жөні жоқ, керісінше әріптесу қажет. Фаст-фудпен интеграцияланудың амалдарын іздестіру керек» деген ой айтты.

Рекомендовать
Последние новости