Ұлытауда “MetaGo” пирамидасын басқарған екі азамат анықталды

Қаракөз Амантай 31 июл. 2024 11:04 2070

Жезқазғанда екі адам 9 ай бойы қаржы пирамидасын ұйымдастырып, азаматтардан 70 млн теңге жинап алған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Фактіні қаржы мониторинг агенттігі тергеп, істі аяқтаған. Дереккөзіне сүйенсек, екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы "MetaGo" қаржы пирамидасын жарнамалаған.

"Сондай-ақ осы пирамиданың Жезқазған қаласындағы аумақтық құрылымдық бөлімшесін басқарған. Адамдарға табыстың астында қаласыз деп уәде ете отырып, олардан ақша тартқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалардың заңсыз қызметінен түскен табыс сомасы 68 млн теңгеден асқаны анықталды", - деп хабарлайды ҚМА агенттігі.


Рекомендовать
Последние новости