Назарбаев пен Путинге әртістерді тасыған продюсер қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді

Көркем Алдабергенова 25 июл. 2024 16:40 2921

Ескі Қазақстанда жоғары шенді шенеуніктерге қызмет етіп жүрген музыкалық продюсер және концерт ұйымдастырушысы Руслан Абдусаламов жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан қылмыстық топ ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда іс бойынша сот отырысы аяқталуға жақын. Келесі сот отырысында Абдусаламов соңғы сөзін айтады. Ал оның анасы бұл іс бойынша үкім баяғыда шығып қойған деп алаңдап отыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеп.

Руслан Абдусаламов бір кездері Болат Назарбаевтың қызы Гүлмира Назарбаевамен бірге жұмыс істеп, ресейлік әртістер Моргенштерн және Киркоровпен дос болып, Назарбаев пен Путинге шетелдік әртістерді тасыған.

Айыпталушы әртістің қорғаушылары үкім әлдеқашан шығып қойды деп, ал процесс біржақты өтті деп санайды. Абдусаламовтың тарапы соттың офлайн режимде өткенін сұрағанымен оның өтініші қанағаттандырылмай, процесс онлайн режимде өткен. 

Сот отырысында қоғамдық қорғаушысы болып отырған Абдусаламовтың анасы тергеу дұрыс жүргізілмегенін, сотта көптеген сәйкессіздіктер барын, айыпталушы осы уақытқа дейін оның қылмыстық ісімен толық таныспағанын, онда аяқ асты жаңа деректер мен томдар пайда болғанын айтады. 

Абдусаламовтың адвокаты Дана Рысқұлбек те бұл іс бойынша үкім әлдеқашан шығып қойды деп күдіктеніп отыр. 

Русланның анасы баласы бұған дейін ешкімнен қашпай, елде жүргенін, тіпті Түркия мен БАӘ-де концерт ұйымдастырып жүргенін айтады. 

Сотталушының қорғаушылары оған Алматының Экономикалық тергеу департаментінен 2022 жылдың шілдесінде қозғалған қылмыстық іс туралы ештеңе келмегенін айтады. Абдусаламовтың ата-анасы Алматыда тұрады, оның бұрынғы әйелі екі кішкентай баласымен де осында. Бірақ ешкім ешқандай хабарламалар мен шақыру қағазын алмаған көрінеді. 

Абдусаламовтың адвокаттарының айтуынша, әдетте құқық қорғау органдары қылмыстық іс туралы күдіктіні де, оның туыстарын да хабардар етуі керек, бірақ қандай да бір себептермен оның қорғауындағы азаматтың ісінде бұл орындалмаған. 

Руслан Абдусаламовқа қатысты келесі сот отырысында продюсерге үкім шығады деп болжанып отыр.  


Рекомендовать
Последние новости