Ұлы актерге араша сұраймын!

Dalanews 03 нояб. 2016 09:39 887

Аса жоғары мәртебелі елбасы, бек құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!


Қайталанбас таланты мен қажырлы еңбегі арқылы Елінің мақтанышы мен ұлтының ұятына айналған тұлғадар болады. Солардың бірі Қазақ елі үшін, Алаш жұрты үшін Тұңғышбай Жаманқұлов десек, еш артық айтқандық емес! "Тұңғышбай тұтқындалды" деген сөзді естігелі кеңірдегіме тас кептелгендей, қатты мазасыз күй кешудемін.... Не боп барамыз? Жақсыларды қорлау, табанға таптау бір түрлі "мода" болып бара жатқан жоқ па?!
Істің ақ-қарасынан хабарымыз жоқ екені шын. Заң алдында бар адамның қақ-құқы бірдей екенін де білеміз. Дегенмен, Тұңғышбай секілді ұлт руханиятының сардары, қайталанбас дарын иесіне дұспандары, бақталастары жала жауып немесе қақпан құрған болуы да бек мүмкін ғой... Осыған байланысты Ұлы актерге, Оның ұрпақ алдындағы абыройы мен амандығына деген алаң көңілмен Өзіңізден араша сұраймын!


P.S.Тұңғышбай Жаманқұлов менің туысым да, жерлесім де, тіпті танысым да емес... Бірақ "Тұңғышбай тұтқындады" деген сөз Қазақ Елі үшін намыс!

Сізге деген зор құрмет, үлкен сеніммен, Дүкен Мәсімханұлы.


Рекомендовать
Последние новости