Аталмышжағдайкешкісағат17. 30-да орын алған болатын. Өрт пәтердің үшінші қабатынан шыққан екен. Өрт жалының патрулді топ бастығы сержант Н.Мырзаева пен патрулшылар: қатардағы Н.Қойбағарова, қатардағы А.Кевлинджанова, қатардағы А.Сейдалиевтар бірінші байқап,«101» кезекші нөміріне баяндаған.
Уақытты өткізбей, дереу қиымлдаған жауынгерлер өрт сөндірушілерді күтпестен, тұрғындарға көмектесуге шешім қабылдайды. Сонымен ұландықтар, тәукелге бет бұрып, алдымен тұрғын үйді қоршауға алады. Кейін үйдің ішіне кіріп, адамдарды өз күшімен шығара бастайды.
Өрт сөндірушілер келісімен өрттің алды алынды.
Ұландық жауынгерлер қарапайымдылық танытып, өз істерін ерлікке баламайды. Сонда да, ерліктің аты - ерлік. Уақытылы көмектің арқасында тұрғындар өрттен аман қалды.
ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі