Ұлан ауданының даңқты спортшылары ел намысн қорғап келеді

Dalanews 24 дек. 2021 09:51 1147

ШҚО Аймақтық коммуникациялар орталғында баспасөз мәслихатын өткізген Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев ауданнан шыққан спортшылар облыстың намысын қорғап, биік белестерді бағындырып жүргенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл Ұлан ауданына қарасты шағын ғана Привольное ауылынан шыққан Ораз Басаров армрестлингу спорты бойынша Әлем чемпионатында 55 келі салмақта Қазақстанның атынан қатсып, Алтын медальге ие болды. Әлімнің 50 мемлекеті қатысқан байрақты бәсекеде топ жару оңай емес.

Ораз Басаров халықаралық жарыстарда Қазақстаның көк байрағын желбіреткен тәжірибелі спортшы. Ол 16 рет Қазақстан, 9 рет Азия чемпионы болған. 2016 жылы Ораз Басаровқа халықаралық деңгейдегі спорт шебері деген атақ берілген болатын.

Осылайша Ұлан ауданының тумасы Малазия, Өзбекстан, Болгария, Қырғызстан, Ресей, Италия өткен байрақты бәсекелерді ел намысын қорғап, үздік нәтижеге қол жеткізген.

Бүгінде Ораз Басаровтың жолын Макеевка ауылының тумасы Деши Дурсаева жалғап жүр. Ол 50 келі салмақта алтын медальге қол жеткізіп, армрестлинг бойынша жеті рет чемпион болғанын айта кетуіміз керек.

Ал Айшагүл Елеубаева жасөспірімдер Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, жеңісіті жолды жалғастырды. Айшагүл Қазақстанның спорт шеберілігіне кандидат. Оның бағындырар асуы, шығар биігі әлі алда десек қатереспейміз.

Ұлан ауданынан шыққан даңықты спортышылардың қатарына джиу-джитс жекпе-жегі бойынша Қазақстан чемпионатында қол жүлдегері Жібек Жақсыбайдың үлкен спорттағы карьерасынан көп үміт күтуге болады.

– Қазіргі таңда Ұлан ауданындағы спорт мектебінде халықаралық деңгейдегі 6 спорт шебері жұмыс істейді. Әкімдік аудандағы спортты қолдауға барынша көмек көрсетіп келеді. Осы ретте ауданымызда ұлттық ат спортының түрлері – көкпа, бәйге, аударыспақ жоғары деңгейде дамып келеді. Ауданда халықтың жаппай спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған, – дейді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.

Рекомендовать
Последние новости