Түркияда Жібек жолын жаңғыртуды көздейтін халықаралық жиын өтті

Dalanews 21 сент. 2023 13:44 1204

Қазақстанның тәуелсіздігін жұрттың алды болып мойындаған Түрік елінің құрылғанына 100 жыл толуы аясында Анадолы жеріндегі Ыстанбұл шаһарындағы Сауда палатасының Бас көрмелер ғимаратында «Бір – белдеу, бір – жол» және орта дәліз жаңа нарықтар конгресі тақырыбындағы халықаралық көрмесінің жиыны табысты өтті.

3 күнге созылған бас қосуда Түркия-Қытай бизнесі іс бірлігі қауымдастығы ұйымдастырды. Оның жұмысына Түркия, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Грузия, Корея елдерінен арнайы делегация қатынасты.

Осы мемлекеттердің арнайы ашылған жеке павилондарында өз елдерін танытатын бұйымдар, плакаттар, суреттер, ауыл шаруашылық өнімдері, ұлттық қолөнер заттары қойылған.

Түркия – Қытай іс бірлігі мен қолау қоғамы басшысы Иһсан Бешір, Түркия Ұлттық мәжілісі парламенті Ассемблиясы Түркілер тобының басшысы Абдықадыр Емиін Өнен, Түркия сауда министірінің орынбасары Өзгүр Волкан Агар, Азербайжан экономика минстрінің орынбасары Елнұр Әлиев, Ыстанбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығы төрағаның орынбасары, Ыстанбұлдағы бірінші Қазақ Бас консулы Ержан Уәйіс, Қытайдың Анкарадағы елшісі Лю Шау Бин, Қытайдың Анкарадағы елшілігінің экономика кеңесшісі Лю ИуХуа, Өзбекстанның Бас консулы Шерзат Абдуназаров, Ыстанбұлдағы Қырғыстан Бас консулы Мира Садықова, Түркіменстан Бас консулы Мұхаммеднұр Обезов сынды азаматтар сөз сөйледі.

Бас қосудың негізі бұл аймақтардағы көлік дәліздерін әрі дамыту. Осыдан мың жылдық тарихы бар түйе керуенімен жүріп өткен «Көне Жібек жолын» қайта жаңғырту. Шығыстағы қытайдан бастау алатын темір жол Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Азербайжан, Грузия, Түркия әрі Бастыс елдеріне жол тартады. Яғни 21 ғасырдың «Ұлы жолы, ғасыр жолы».

Ыстанбұлдағы бас көрменің ғимартында Қазақ пабилонына Ыстанбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығы жетекшілік етті. Қазақстандағы көлік транзит салаларына талдау жасалды. Қазақстанның көршілес елдермен қатынасы ерекше. Қытай елінен келетін жол бойындағы «Қорғас» қақпасы әлемдегі тоғыз жолдың торабы.

«Батыс Қытай – Батыс Еуорпа» жолдары ғасыр құрлысы. Кәспии жағалауындағы Ақтау порты, Құрық порты кеме қатынастарының орталығы. Қазақстанмен Түркияның арасындағы байланысқа 31 жыл, осы кезең ішінде яғни 2005 – 2022 жылдары аралығында Қазақстан экономикасына Түркиядан 4.5 милиярд доллар шамасында инвестиция тартылды. Өз кезегінде Қазақстан Түркия экономикасына 2005-2023 дейін 1,1 милярды доллар шамасында инвестиция салды. Екі елді байланыстыратын ең маңызды мәселе ол мәдени ынтымақтастық шаралары.


Біздің мәдениет орталығымыз бұл істерде өзіндік үлес қосуда. Зейтұнбұрын ауданындағы Абай ескерткіші елді бірлікке ынтымаққа шақыруда. Түркияда 25 мыңнан астам Қазақ қандастармыз жақсы өмір сүруде. Қандастарымыз қоғамның барлық саласына белсене араласады. Түркия мен Қазақстан арасындағы білім саласында жемісті дамуда. Түркиядағы университеттерді 2500 жуық қазақ студенттері тамамдады. Екі ел дамуына өз үлестерін қосуда. 2022-2023 жылдары Түркия ЖОО –да 8219 Қазақстандық білім алуда.

Қазақстан мәдениет және сауда орталығын үилестіруші, JS Holding басшылығы атынан Төраға Ғанимет Қайса, Жемил Онур, Али Илмаз, Қазақстанда 1993 жылы іс бастаған белгілі кәсіпкер Emsas Insaat холдинг басшысы Али Риза Арсылан, Pomega кәсіпорынның Бас директоры Осман Шахин Кошкер сөз сөйледі.

JS Holding Түркияда бірнеше фабрика, зауыттарды іске қосты. Қазақстанға инвестициялық жобалар ұсынылды. Маңғыстау, Қарағанды облыстарындағы кәсіпорындарды дамытуға өз үлестерін қосады. JS Holding басшысы Ғанимет Қайсаұлы жиынды ұйымдастырған қауымдастық төрағасы Иһсан Бешір мырзаға алғыс айтып, бір топ қатысушыларға мәдениет орталығының естелік сыйлықтарын табыс етті.

Павилондағы көрмеге Қазақстан – Түркия достық байланысын бейнелейтін 100 ден астам фото сурет қойылды. Президент Тұрғыт Озал арнайы сыйлаған фото аппаратпен түсірген суреттерді Ержан Уәйіс өзі таныстырды. Орталықтық жауапты қызметкері, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің түлегі Нұрбазар Жәңгіртегінің ағашқа салынған суреттер мен қолөнер бұйымдарынан шағын көрме ұсынылды. Орталықтың қызыметкері Мұстафа Акюз Қазақстанды, Холдингті, мәдениет орталығы жайында слайд, суреттер арқылы көріністерді көрсетіп отырды. Осылайша Ыстанбұлдағы халықаралық көрме жоғары дәрежеде өтті.

Ержан УӘЙІС  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Түркия, Ыстанбұл қаласы

Рекомендовать
Последние новости