Түркістанда smart орындықтар орнатыла бастады

Dalanews 19 дек. 2018 06:34 746

Түркістанды туристік орталыққа айналдыруда қаланың қонақтар үшін қолайлы, ыңғайлы болғаны маңызды.




Осы мақсатта жақында Түркістан қаласында «ақылды» орындықтар орнатыла бастады. Әрқайсысы 170 мың теңге тұратын, 9 smart oryndyq шаһардағы халық көп жүретін рәміздер алаңы мен Есімхан алаңындағы арбатқа және «Парасат» саябағына қойылды.

Бұлардың ерекшелігі сонда ешқандай электр энергиясын қолданбай-ақ, USB кабелі арқылы ұялы телефоныңызды қуаттап алуға болады.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында орнатылған смарт-орындықтар жергілікті бюджетке де салмақ салмайды, себебі күннен қуат алады. Мамандардың айтуынша, жергілікті тұрғындар күтіп ұстаса, 15 жылдай пайдалануға болады. Бұдан бөлек мұндай орындықтар жайлылыққа үйренген шетелдік қонақтар үшін де тиімді болмақ.

Жобаны жасап шығарған талантты инженер-технолог Азамат Алтаевтың айтуынша алдағы уақытта қалада мұндай орындықтарды саны көбейе түсетін болады.

«Бұл арада барлығы да тұрғындар мәдениетіне байланысты. Орындыққа отырсын, ал жанындағы күннен энергия алатын панелдің үстіне отырмауын сұраймыз тұрғындардан. Себебі, негізгі технология сол араға жинақталған. Ұқыптылық пен тәртіппен ұстаса дейміз, себебі бұл да арзан дүние емес», – дейді ол.

Рекомендовать
Последние новости