Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениеті» тақырыбында семинар өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты – киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениетін арттыру, жалған ақпараттың таралуына қарсы заң аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және өзекті мәселелерді, ұсыныстарды талқылау, ақпараттық жұмыстарды жетілдіру.
Семинарға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев модераторлық жасады.
Бірлікті бекемдеуге бағытталған жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, БАҚ өкілдері, жастар, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық, қалалық филиалдарының мамандары қатысты.
Жиында спикерлер қатарында болған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Садуақасова, Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі – топ басшысы Ербол Тұрсынбаев, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек және «Turkistan TV» телеарнасының басқарушы директоры Жанна Жайлаубайқызы мазмұнды баяндама жасап, этносаралық қатынастар туралы халыққа ақпарат берудің басты ерекшелігі және жауапкершілігі жайында сындарлы пікірлерімен, пайдалы тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар семинарға ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ақпарат және киберқауіпсіздік басқармасының қызметкері Сәкен Әуесбеков, Түркістан облысы Полиция департаментінің басқарма бастығының орынбасары Қуанышбай Жұмаділдаев қатысты.
Киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениеті
Қазіргі заманғы қоғамда киберкеңістік ақпарат алмасу мен тұтынудың маңызды алаңына айналды. Алайда, цифрлық технологиялардың дамуы ақпаратты саналы әрі қауіпсіз тұтыну мәдениетін қалыптастыруды талап етеді. Ақпаратты тұтыну мәдениеті – адамның интернет пен басқа да ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді түсінуі, бағалауы және пайдалануындағы жауапкершілік деңгейін сипаттайды.
Қазір еліміздің киберкеңістігінде түрлі сападағы және сенімділігі әртүрлі ақпарат жүктеледі. Сондықтан ақпаратты тұтынушылар ақпарат көзінің сенімділігін тексеру әдістерін білуі керек. Мысалы, фактілерді тексеретін арнайы платформалар мен ресми дереккөздерді пайдалану қажет.
Ақпараттың авторын, жарияланған уақытын, мақсат-мүддесін анықтау маңызды. Түркістан төрінде өткен семинарда білікті мамандар осы мәселе ге де назар аударды.
– Сандық сауаттылық – бұл интернет пен технологияларды тиімді әрі қауіпсіз пайдалану дағдысы. Оның ішінде онлайн қауіпсіздік, дербес деректерді қорғау және зиянды контенттен сақтану дағдылары бар.
Интернеттегі жалған ақпаратты, алаяқтықты және спамдарды тану маңызды, – ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ақпарат және киберқауіпсіздік басқармасының қызметкері Сәкен Әуесбеков.
Ақпаратты жауапкершілікпен бөлісу және тарату – ақпараттық мәдениеттің маңызды бөлігі. Сенімсіз немесе арандатушы сипаттағы ақпаратты таратудан аулақ болу керек. Басқа адамдардың пікірін құрметтеп, ақпараттық алаңда конструктивті диалог құруға ұмтылудың маңызы зор.
Ақпараттық шамадан тыс жүктеме (инфоокунализация) мәселесі ақпараттық мәдениеттің тағы бір маңызды аспектісі. Қажетті әрі пайдалы ақпаратты таңдауды үйрену ақпаратты тиімді пайдалануға көмектесетіні анық. Ақпарат көздерінің шектеулі санын пайдалану және әртүрлі көздерден алынған мәліметтерді салыстырып отыру ұсынылады.
Бүгінде әрбір аамат интернетте жасаған әрекеті үшін жауапкершілік болатынын түсіну керек. Сондықтан әлемжеліде отыроып алып, көсіле сқйлеп, көпіртіп жазып жұрттың көңілінен шығамын деген келмеске кеткен.
Киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениетін қалыптастырудың жолдарын әрбіп адам білуі маңызды. Бұл бағытта қазір Түркістан облысының аумағындағы мектептер мен жоғары оқу орындарында сандық сауаттылық пен ақпараттық мәдениетке үйрету істері өз деңгейінде жүзеге асып жатыр десек болады. Халық арасында ақпараттық-грамоталық тренингтер өткіз мен медиа сауаттылықты дамыту бойынша да жұмыстар жүріп жатқанын атап айтуымыз керек. Оның тағы бір айқын дәлелі бүгін ұйымдастырылған іс-шара.
Семинарда күнделікті өмірімізге дезинформацияны анықтайтын қосымшаларды, браузер кеңейтімдерін және алгоритмдерді енгізу мәселесі де сөз болды.
– Қазір Қазақстанда дезинформацияны анықтауға арналған арнайы мобильді қосымшалар кеңінен қолжетімді болмағанымен, бұл бағытта бірнеше маңызды бастамалар жүзеге асырылуда. 2024 жылдың қыркүйек айында қазақстандық Factcheck.kz сайты Meta компаниясының (Facebook, Instagram және Threads платформаларының иесі) Қазақстандағы алғашқы серіктесі атанды. Бұл серіктестік аясында Factcheck.kz аталған әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты анықтап, оның таралуын шектеуге көмектеседі. Meta компаниясының стратегиялық серіктестікті дамыту менеджері Николь Ханның айтуынша, бұл қадам қазақстандық пайдаланушылардың сенімді ақпарат алуына ықпал етеді. Factcheck.kz ресурсы саяси дезинформацияны анықтауға көмектесетін 13 кеңес ұсынады. Бұл кеңестер ақпараттың шынайылығын тексеру, дереккөздердің сенімділігін бағалау және жалған мәліметтерді тану дағдыларын дамытуға бағытталған, – деді шараға қатысқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Садуақасова.
Сарапшылар ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және сенімді дереккөздерді пайдалану дағдыларын дамыту маңызды.
Қазіргі таңде еліміздің киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениеті қалаптасуда. Бұл мәдениетті дамыту адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы сенім мен тұрақтылықты нығайтады. Жалған ақпаратқа қарсы тұру, этиканы сақтау және технологияны саналы қолдану арқылы киберкеңістікті барша үшін пайдалы әрі қауіпсіз етуге болады.
Семинар барысында қатысушылар белсенділік танытып, пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Іс-шара соңында кофе-брейк ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.