Түркістан облысындағы емдеу мекемелерінің бәріне электрондық кезек таблосы орнатылды

Dalanews 03 нояб. 2018 10:16 767

Биыл Түркістан облысында ана мен баланың өлім-жітім айтарлықтай азайды. Осылайша халқы тығыз орналасқан Түркістан облысы ана өлімі бойынша  республикада 5-орында тұрақтап отыр.



Өңірде халық денсаулығының жақсаруына ауыл-аудандарда жаңадан бой көтерген емдеу мекемелерінің қосып отырған үлесі зор. Өткен жылы облыста бюджет есебінен 33 нысан салынды. Атап айтсақ, облыстық онкологиялық диспансерінің корпусы, 1 аудандық емхана, 7 дәрігерлік амбулатория, 18 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункт пайдалануға берілген болатын. Сонымен қатар облыстық бюджет есебінен 20 дана құрастырмалы-қаңқалы модулдік конструкция әдісімен салынған медициналық тіректер сатып алынған болатын. Ал 2018 жылы 67 медициналық тірек сатып алу жоспарланған.

500 адамдық Ақсукент, Жетісай және Кентау қалалық  емханаларының құрылысы аяқаталып, 250 науқасқа шақталған Мақтарал аудандық Мырзакент емханасының іске қосылғанын жергілікті халық үшін айтулы оқиға деп айтуға болады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Біркөлік, Ақсу-Жабағылы санаторийлері сенімгерлік басқаруға берілуі де медицина саласының жаңа сапаға өтуіне ықпал етті.

Сонымен қатар цифрландыру бағдарлмасы аясында облыстағы медициналық ұйымға электрондық  кезек таблосы орнатылуда. Шұғыл әрекет ету мақсатында SOS жүйелері 17 медициналық ұйымға енгізілді. Бұл бағдарлама пациенттің, посттағы мейірбикенің, кезекші дәрігердің қажетті маманды 1 минут ішінде шұғыл шақырып алуына мүмкіндік береді.

Биылдан бастап облыстағы барлық медициналық ұйым кешенді ақпараттық жүйеге қосылды. Өңірде емхана, аурухана және жедел медициналық көмек қызметінің біріктірілген ақпараттық жүйесі, бірыңғай ситуациялық орталықпен табысты жұмыс істеп келеді.



Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Рекомендовать
Последние новости