Түркістан облысында экстремистік ұйым мүшелері қолға түсті

Қаракөз Амантай 04 нояб. 2024 11:45 1433

Ішкі істер министрлігі Түркістан облысында экстремистік ұйымның тобы жойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен Кентау қаласында “Хизб-ут-Тахрир” діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобын жойған.

"Бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, “шариғат” нормаларын енгізуге бағытталған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды. Топ мүшелері “Хизб-ут-Тахрир” шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған” делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталған.

“Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жаты” деп хабарлады министрліктің ресми ақпараттық ресурсы.


Рекомендовать
Последние новости