Түркістан облысында Ассамблеяның 30 жылдығына орай тарихи-танымдық экспедиция ұйымдастырылды

Ақтоты Жапатова 09 июл. 2025 11:36

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Тарихи таным» экспедициясы ұйымдастырылды. Сырлы Созақ пен киелі Түркістан қаласы арасын жалғаған шара түрлі этнос жастарының қатысуымен өтті. Бұл сапар - ел тарихын тануға, рухани мұраны насихаттауға және этностардың татулығын дәріптеуге бағытталған,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Экспедиция мүшелері Түркістан қаласындағы «Достық үйінен» сырлы Созаққа жолға шықты. Делегация құрамында өңірдегі «Ассамблея жастарының» белсенді мүшелері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң басшылығы мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері бар.

Шара мақсаты - туристік маршрутты қалыптастыру, тарихи нысандар туралы деректі-танымдық фильм дайындау. Сондай-ақ, экпедиция мүшелері "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына үлес қосып, тазалық шарасын да ұйымдастырды.

Сапар аясында экспедия мүшелері Созақ ауданындағы тарихи-мәдени нысандарды аралап, құнды жәдігерлермен танысты.

Танымдық-тағылымдық сапар жастарға рухани байлық қана емес, сондай-ақ жаңа идеялар мен ынтымақтастыққа жол ашып, патриоттық сезімді нығайтуға зор ықпал ететіні сөзсіз.


Рекомендовать
Последние новости