Түркістан облысында 2,8 млрд теңге бюджет қаражаты жымқырылған

Көркем Алдабергенова 05 июн. 2024 12:18 2210

Түркістан облысында бюджет қаражаты жымқырылған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түркістан облысының прокуратурасы білім беру мекемелерін тексеру барысында көптеген заң талаптарын бұзу және бюджет қаражатын жымқыруды анықтаған.

Атап айтқанда Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлерімен 2,8 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Осы факті бойынша құжаттар СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабымен тіркеліп, (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) тергеу Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен жүргізілуде.

Бүгінгі күнге прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде мемлекет бюджетіне 309 млн теңге қайтарылды.

Тексерулер жалғасуда және жіті бақылауда.


Рекомендовать
Последние новости