Түркіменстан президенті алғаш рет жұбайын ел көзіне көрсетті

Dalanews 08 дек. 2021 07:42 1102

Бұған Түркіменстанға сапарлап келген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түрткі болды деп хабарлайды Dalanews.kz.

Анадолы елінің басшысына арнап дастархан жайған Гұрбанғұлы Бердімұхамедов өзімен бірге әйелін ерте келген Ердоғанды жалғыз қарсы алуды ыңғайсыз санаса керек.

Құтты қонақты күтіп алған салтанатты рәсімнен кейін екі елдің басшысы жұбайларын жанына алып суретке түсіпті.

Ердоған әйелімен қол ұстасып тұр, ал Түркіменстан басшысының жұбайы Огүлгерек Бердімұхамедованың бет-жүзін көргеніміз енді ғана.



Түрік басылымдарының хабарлауынша бұл Огүлгерек ханымның ел көзіне көрінген алғашқы ресми суреті.

Бердімұхамедовтың өзі елдегі ақпарат құралдарының аузынан түспейді, оның балалары мен немерелері ішкі және шетелдік басылымдардың репортажына талай мәрте іліккен. Бірінші ханым осы күнге дейін тасада қалып келген-тұғын.

Ал Түркия президенті Түркіменстанға Экономикалық әріптестік жөніндегі ұйымның 15-ші саммитіне қатысу үшін арнайы келген еді.

Рекомендовать
Последние новости