Түркі елдері біртұтас болса, кез-келген сынаққа төтеп береді – Ердоған

Dalanews 03 нояб. 2023 08:11 1166

Түркі елдері ұйымының 10-шы саммитінде сөз сөйлеген Түркия президенті жаһандық сын - қатерге төтеп беруде түркі елдері біртұтас болуы тиіс деп мәлімдеді.

Бұл туралы Dalanews.kz хабарлайды.

"Әзірбайжанда аумағындағы соғыс жеңіспен аяқталып, Баку Қарабақты өз қарамағына қайтарып алды. Бұл бауырлас ел үшін үлкен жетістік. Біз бейбітшілікке қарай батыл қадам жасадық. Ендігіде Ереван тарапы өз міндеттерін орындауы қажет. Түркі әлемі интеграциясын алға бастыратын тағы бір маңызды фактор - көлік дәлізі. Әзірбайжанды Нахшыбанмен дереу түрде байланыстыру керек, - деді Ердоған.

Түркия басшысы сонымен қатар Газадағы ахуалға тоқталып, "әділетсіздік көре тұра, үнсіз қалғанымыз жарамайды" деп пікір білдірді.

"Мешіттер талқандалып, ауруханаларды бомбылап жатыр. Күнәсіз сәбилер үйінді астында қалды. Бұл зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Бір ай бойына Газада адамзатқа қарсы қылмыс жасалуда. Түркияда біз гуманитарлық саясат басымдық беріп отырмыз. Бейбіт халықтың қанын төгетін агрессивті саясатты қолдамауымыз керек. Қарулы қақтғысты аяқтау керек. Мұсылман, еурей, христиан болсын тыныштықта өмір сүру қажет. Сол себепті 10 ұшақтан тұратын гуманитарлық көмекті Газаға аттандырдық. Әлі де жібереміз. Қарулы конфликт аяқталып, түркі елдері бейбітшілікті қолдайды деген үміттеміз», - деді Ердоған.

Рекомендовать
Последние новости