Тұрғын-үй банкінің экс-төрағасы Зейнетақы қорына келді

Dalanews 13 янв. 2017 11:30 961







Алматыда Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын бақылауды күшейту бойынша Ұлттық банк директорлар кеңесінің басқосуы өтті.   








 Директорлар кеңесінің төрағасы Дина Ғалиеваның айтуынша, ішкі бақылау жүйесінде кемшіліктер жіберілгені анықталған. Бұдан былай  Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысы Ұлттық банктің басқаруына тапсырылатын болады. 







 

Дәл осы жиында қор төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке Нұрбибі Наурызбаева бекітілді. Ол кім? Наурызбаева бұдан бұрын "Қазақстан тұрғын-үй құрылысы жинақ банкінің" төрайымы болған. Банк қызметкерлері мемлекеттік бағдарламамен берілетін баспаналарды жақын туыстары мен дос-жарандарын кезектен тыс алып бергені белгілі болғаннан кейін Наурызбаева орнын босатқан-тұғын. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сол кездегі топ-менеджерлері мемлекеттік бағдарламамен салынған пәтерлерді тіпті тегін алған. 

 

Міне, басы осындай былыққа батқан Нұрбибі Наурызбаева Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының төрайымы болды. Өз сөзінде қордың жұмысын қадағалайтын Қоғамдық кеңес құратынын айтты. "Кеңеске сарапшыларды, қаржыгерлерді, журналистерді және салымшылардың өкілдерін шақырамыз" деді ол. 








Рекомендовать
Последние новости