Түпқараған ауданында мәдениет орындары көбейеді

Dalanews 06 янв. 2021 08:52 1002

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. Бүгінде Түпқараған ауданында бестен астам ұлт өкілі мекен етеді.

Ауданда бейбітшілік пен келісімді қолдау мақсатында «Nur Otan» партиясы мәдени және рухани құндылықтарды сақтау және көбейтуді көздейді. Бұл ретте аудан бойынша бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Соның ең ауқымдыларына тоқталсақ.

Алдағы уақытта Ақшұқыр ауылының мәдениет үйін жөндеу жұмысы қолға алынып, Сайын Шапағатов ауылдық округінен мәдениет үйі және кітапхана салынады. Ал Баутин ауылында 2025 жылға қарай мәдениет үйі бой көтеріп, Форт-Шевченкодағы шіркеу қайта қалыпқа келтіріледі.

«Nur Otan» партиясы сонымен қатар ауданды өмір сүруге жайлы әрі қауіпсіз ету мақсатында қоғамдық орта мен көшелердегі қылмыстардың алдын алу, жол қауіпсіздігімен қамтамасыз етуді міндет етіп қойды.

Ең алдымен жарықтандыру мәселесі. Көшелер неғұрлым қараңғы болса, қылмыс болу қаупі жоғары. Жарық жоқ жерде орын алған қылмысты анықтау да қиын.

Осы себепті 2022 жылы 1700 жарық диодты шамдар мен бағандар орнатылады. Полиция бөлімшесі автөлікпен қамтылып, құқық қорғау саласының қызметкерлері бүгінгі заманғы құралдармен жарақтанады. Оның ішінде бейнетіркегіш, жүктеу терминалы, ЕРАП планшеттері. 25 бейнебақылау орнатылып,  2024 жылы Ақшұқыр ауылынан Тірек пункті ашылады.

Түпқараған ауданы мәдени әрі рухани дамып, қауіпсіз болуымен қатар жастар үшін қолайлы аудан болуына да аса мән берілуде. «Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеуді көздеп отыр.

2025 жылға қарай партияның міндеті мемлекеттік органдармен бірлесіп жастардың жұмыспен қамтылуын, олардың шығармашылық және іскерлік тұрғыдан өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз етеді.

Жастар – біздің болашағымыз. Аудандағы жастардың жалпы саны 8 089, бұл аудан тұрғындарының жалпы санының 24,8% құрайды. Осы орайда 5 жылда ауданның 150 жасы жұмыспен қамтылады. «Жасыл ел» еңбек отрядтарын ұйымдастыру жолымен жазғы кезеңге жылда 100 жас жұмысқа орналасады. Жастардың спортпен айналысуына аса мән беріледі.

Кәсіпкерлікке баулып, оқытып, қайтарымсыз гранттар беру де жоспарда бар.  Нәтижесінде жастар өз кәсібін бастап, жаңа жұмыс орындарын құруға атсалысады.

Партияның жоғарыда келтірген мүдделі жұмыстары үгіт-насихат шарасы барысында аудан тұрғындарына таныстырылды. ҚР Парламенті Мәжілісі депутатына үміткер Еділ Жаңбыршин «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС ұжымымен кездессе, ал  сенімді өкілдері Таушық ауылында «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Аудандағы насихат жұмыстарына аудандық мәслихат депутатына үміткерлер де белсенді атсалысты. Кандидат Б.Джулдибаева сенімді өкілі А.Жанайысовамен бірге тұрғындар көп шоғырланатын сауда орталығында болып, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды.  Олар кәсіпкерлер мен тұтынушыларды 10 қаңтар күні өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Келесі кандидат Г.Шамқұлова мен Д.Меңдіхановтың сенімді өкілі С.Болжабаев Форт-Шевченко қаласында орналасқан «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жергілікті филиалына барып, қызметкерлерге сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Банк қызметкерлерімен сұрақ-жауап алмасып, партияны қолдауға шақырды.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді)

Рекомендовать
Последние новости