Түлкібастық Мәдина Күзенбаева сүйікті ісін кәсібіне айналдырып отыр

Dalanews 19 дек. 2018 07:12 695

Түлкібастық Мадина Күзенбаева тігін тігіп, отбасын асырап отыр. «Бастау бизнес» жобасы арқылы оқып, грант ұтып алған кейіпкеріміздің қазір өз шеберханасы бар.



Жастайынан тігіске епті кейіпкеріміз тапсырысқа ұлттық киім-кешектермен қоса тұрмыстық бұйымдар тігеді.

Мәдина Күзенбаева жаңа жылдық көйлек тігіп отыр. Мереке қарсаңында тапсырыс та молынан. Оның үдесінен шығуға тігіншіге су жаңа әмбебап тігін машинасының да көмегі зор.

«Бизнес бастау» бағдарламасына қатысып, ұтып алған қаражатына ол тігістің түр-түріне жарайтын құрылғысын сатып алыпты.


Айта кетейік, Түлкібас ауданы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясындағы «Бизнес бастау» жобасын іске асыруда көп ауданға үлгі. 82 тұрғын несие алып, түрлі кәсіппен айнаслысуда. 35 арнайы сертификат алған қатысушының тең жартысы грантқа да қол жеткізіпті.

Ал Мадина Күзенбаева мұнымен де тоқтап қалмақ емес. Кәсібін кеңейткісі келеді. Қазір ол мүгедек анасын жұмыспен қамтып отыр. «Күннен-күнге тапсырыс көлемі артып келетіндіктен қосымша жұмысшылар қажет» дейді тігінші. Түлкібас аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары оның шеберханасын кеңейту үшін бағыт-бағдар береміз деп сендірді.

Рекомендовать
Последние новости