Ту іліп жүргендерге айыппұл салынған ба? Вице-министр жауап берді

Көркем Алдабергенова 17 дек. 2025 14:52

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Тәуелсіздік күні көлігіне Ту ілген жүргізушілерге айыппұл салынды деген ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Санжар Әділовтің сөзінше, көлікке Туды іліп жүру - заңбұзушылық болып саналмайды. 

"Ту үшін ешқандай жауапкершілік көзделмеген. Ондай фактілер тіркелген жоқ. Иә, әлеуметтік желіде ақпарат шыққан, оны көрдім. Қазіргі таңда толық тексеріс жүргіземіз. Бүгін әкімшілік полиция комитетінде тапсырма бердік", - дейді Әділов. 

Еске салайық, бұған дейін Тәуелсіздік күні көлігіне Туды ілген жүргізушілерге айыппұл салынғаны хабарланған еді.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видеолар тарады. 

Ерқанат Тәукебаев есімді facebook қолданушысының сөзінше, 47 автобусқа ілінген қазақтың туын Алматы полициясы алып тастаған. 


Рекомендовать
Последние новости