Трамп Қазақстаннан бөлек тағы қай елдерге хат жолдады?

Сағыныш Сардарова 08 июл. 2025 12:23

АҚШ президенті Дональд Трамп 1 тамыздан бастап 14 елге қосымша баж салығы салынатыны туралы хат жіберді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа баж салығы мына елдерге әсер етеді:

  • Жапония - 25 пайыз,
  • Оңтүстік Корея - 25 пайыз,
  • Оңтүстік Африка - 30 пайыз,
  • Қазақстан - 25 пайыз,
  • Лаос - 40 пайыз,
  • Малайзия - 25 пайыз,
  • Мьянма - 40 пайыз,
  • Тунис - 25 пайыз,
  • Босния және Герцеговина - 30 пайыз,
  • Индонезия - 32 пайыз,
  • Бангладеш - 35 пайыз,
  • Сербия - 35 пайыз,
  • Камбоджа - 36 пайыз,
  • Тайланд - 36 пайыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден келетін тауарларға баж салығы енгізілетінін мәлімдеген еді. Еуроодақ елдеріне 20%, Швейцарияға 31%, Ұлыбританияға 10%, Израильға 17%, ал Қазақстан үшін алғашында 27% деп жарияланған болатын.


Рекомендовать
Последние новости