Трамп: Путин есінен адасты

Көркем Алдабергенова 26 мая 2025 13:36

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийге қатысты сыни пікір білдірдідеп хабарлайды Dalanews.kz.

Truth Social желісінде ол: «Ол есінен адасты. Кінәсіз адамдарды, соның ішінде сарбаздарды да себепсіз өлтіріп жатыр. Украина қалаларын зымырандармен және дрондармен негізсіз атқылап жатыр» деп жазды.

Трамптың пікірінше, Путин Украинаны толық басып алуды көздейді, бірақ мұның салдары Ресейді күйреуге алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, ол Ресейге қарсы санкцияларды күшейту жағын да қарастырып жатқанын айтты.

АҚШ басшысы Украина президенті Владимир Зеленскийдің әрекеттеріне де наразы екенін жасырмады. «Оның әрбір сөзі жаңа мәселелер туғызады. Бұл маған ұнамайды. Мұны доғарғаны жөн болар еді», – деді Трамп.

Айта кетейік, 25 мамырға қараған түні Ресей Украинаға жаппай шабуыл жасады: кемінде 300 дрон мен 70 зымыран ұшырылған. Шабуыл салдарынан 12 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Reuters агенттігі бұл шабуылды соғыс басталғалы Украинаға дронмен жасалған ең ауыр соққы деп атады.


Рекомендовать
Последние новости