Трамп 1 доллар жалақы алады

Dalanews 14 нояб. 2016 03:08 898




АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп өзінің жалақысынан бас тартатынын айтты, деп хабарлайды inform.kz сайты. 

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп CBS телеарнасына сұхбаты барысында осыған дейін өзі жария еткен мөлшері 400 мың доллар болатын жалақысынан бас тартатынын растады. «Заң бойынша мен кемінде 1 доллар жалақы алуым керек. Яғни, мен 1 доллар жалақы аламын»,-деді саясаткер. Оның жеке байлығын Forbes 3,7 миллиард долларға бағалады. Трамп өзінің жалақысынан бас тартқан үшінші президент болмақ. Мұндай қадамға кезінде Герберт Гувер мен Джон Кеннеди де барған болатын. Олар өздерінің президент болып тұрғандағы жалақыларын қайрымдылыққа аударды деп жазады Life. Республикашыл Дональд Трамп 8 қараша күні өткен АҚШ президентінің сайлауында сайлаушылардың 290 мың даусын жинап, жеңіске жетті.

 



Рекомендовать
Последние новости