Тоқаевтың күтпеген шешімі: Шольцпен баспасөз мәслихаты өткізілмеді

Сағыныш Сардарова 17 сент. 2024 10:21 3425

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Астанаға ресми сапармен келген Германия канцлері Олаф Шольцтың бірлескен баспасөз конференциясы қазақстандық тараптың бастамасымен өткізілмеді. Бұл туралы DPA агенттігі мәлім етті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Тоқаев пен Шольцтың алдын ала жоспарланған бірлескен баспасөз конференциясы басталуына аз уақыт қалғанда қазақстандық тараптың шешімімен тоқтатылды. Канцлердің үш күндік сапарындағы алғашқы аялдамасы Өзбекстанда басынан бастап бірлескен баспасөз жоспарланбаған", - деп жазды басылым.

Нәтижесінде, Шольц журналистер алдында жеке өзі сөз сөйледі. Германия үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Шольцтан Қазақстанның бұл шешіміне ренжігені туралы сұрағанда, ол бұл сұрақты айналып өтіп, жауап беруден бас тартқан.

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц шағын құрамда келіссөз жүргізді. Артынша Мемлекет басшысы Германия федералдық канцлері Олаф Шольцпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

 


Рекомендовать
Последние новости