Атырау облысында дронға ұқсас зат бөлшектері табылды

Кәмшат Тілеухан 05 июл. 2025 11:05

Атырау облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсайтын зат тағы табылды. Дрон бөлшектері Ресей шекарасына жақын Құрманғазы ауданындағы далада шашылып жатқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жергілікті "Ақжайық" басылымына Атырау облысының полиция департаменті аталған фактіні растады:

әкілетті қызметтермен бірлесіп ұшқышсыз ұшу аппаратының фрагменттеріне ұқсайтын затты табу фактісі бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіледі. Нысан дала аймағында табылды, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның барлық жағдайлары анықталады".

Бұған дейін де Құрманғазы ауданында 22 маусымда Қоңыртерек ауылының маңында тура осындай белгісіз зат табылған


Рекомендовать
Последние новости