Қазақстандағы ең ұзын автомобиль туннелі шетелдіктердің назарына ілікті

Көркем Алдабергенова 16 сент. 2024 10:27 2790

12 қыркүйекте Түркістан облысында Шақпақ Баба асуында жаңа туннельдің ашылу салтанаты өтті. Бұл - Қазақстандағы ең ұзын автомобиль туннелі, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Қос жолақты туннельдің ұзындығы 840 метр, ені 11 метр, ал биіктігі 8 метр. Туннельдің екі жағында жарықтандыру, желдету жүйесін және бағдаршамдар орналасқан. Туннельдің ашылуы қыс мезгілінде сапарларды және жүк тасымалын айтарлықтай жеңілдетпек.

Туннельдің ашылу рәсімінде Қазақстанның Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев бұл туннельдің ашылуы – еліміздің көлік инфрақұрылымы үшін маңызды оқиға екенін атап өткен.

Туннель Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің қазақстандық бөлігіне кіреді. Жалпы ұзындығы 8445 шақырым дәліз Ресей арқылы 2233 шақырым, Қазақстан арқылы 2787 шақырым және Қытай арқылы 3425 шақырым өтеді.

Шілде айында Қазақстанның Көлік министрі Марат Қарабаев 2024 жылы Қазақстанда 12 000 шақырым жолды жөндеу және салу жоспарланғанын хабарлады.

Айта кетейік, бұл жаңалық шетелдік бұшаралық ақпарат құралдарының да назарына іліккен. Оның ішінде, The times of central asia басылымы, ТАСС агенттігі, Eurasiatoday.ru және тағы да басқа шетелдік БАҚ-та бар.  


Рекомендовать
Последние новости