Қазақстанның танымал актері өмірден озды

Қаракөз Амантай 10 сент. 2024 15:45 2101

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері, "Құрмет" орденінің иегері Үсіпхан Сейтімбет дүниеден өтті, деп хабарлайды, Dalanews.kz.

"Ол саналы ғұмырын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына арнап, тума таланты, табиғи дарыны арқасында әр жанрда есте қаларлық сан қырлы образдар галереясын жасады. Халық жадында бойына барлық өнерді қабыстыра білген шебер актер ретінде қалды.
Марқұмның отбасы мен жақындарына, бүкіл театр ұжымына қайғырып, көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы болып, жаны пейіште шалықтасын. Артында қалған ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін", - деп жазды Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі.

Актер Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр сахнасында М.Әуезовтің "Абайында" Нарымбет пен Долговты, И.Сапарбайдың "Сыған серенадасында" Баронды, Шекспирдің "Ромео мен Джульеттасында" жүргізушіні және тағы да басқа кейіпкерлерді сомдаған. Ол тәуелсіздіктің қайта оралуына себепші болған желтоқсан оқиғасына қатысқан. Өнердің бір тармағы саналатын әншілікті жанына серік еткен.


Рекомендовать
Последние новости