Тоқаев: "Семейге нақты көңіл бөлетін кез келді"

Dalanews 24 янв. 2020 07:07 972

Шара барысында президент бұдан бұрын әкімдермен, оның ішінде Даниал Ахметовпен жүздескенін, осы кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болғанын атап өтті.




Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев ШҚО әкіміне Семей қаласын дамытуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Менің шешімім бойынша Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі берілді. Бұл жәй атау емес. Соның аясында осынау тарихи қаланың тұрғындары Үкімет тарапынан өздеріне көңіл бөлініп жатқанын нақты сезінуі керек. Бұл міндетті ойдағыдай орындайсыз деп сенемін", – деді Тоқаев ШҚО әкіміне қарата. 

Шара барысында президент бұдан бұрын әкімдермен, оның ішінде Даниал Ахметовпен жүздескенін, осы кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылағанын атап өтті. 


"(Шығыстың ред.) көрсеткіші жаман емес. Бұқтырманың үстінен көпір саламыз деп келістік. Бұл жергілікті халыққа да пайдасы тиер, өңірге инвестиция тартуға септесетін әлеуметтік маңызды жоба болады. Іске кірісе беріңіздер", – деді Тоқаев. 

Рекомендовать
Последние новости