Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Володинді қабылдады

Сағыныш Сардарова 03 июн. 2024 14:15 2575

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады, - деп хабарлайды Dalanews.kz Ақордаға сілтеп.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вячеслав Володин сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Еуразиялық интеграцияның келешегі жөнінде пікір алмасты.

Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті.

Қасым-Жомарт көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және Қазақстан мен Ресей халықтарының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды.


Рекомендовать
Последние новости