Шетелде тұрып, радикалды діни идеологияға тартылған: терроризмге қатысы бар 2 адам ұсталды

Сағыныш Сардарова 29 мая 2024 09:23 89541

2024 жылғы 28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған.  

"Қазақстанға биыл келген, тұрақты жұмыстары болмаған. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ҰҚК.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.


Рекомендовать
Последние новости