Тоқаев қатысады: 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Көркем Алдабергенова 22 янв. 2025 15:05 747

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Сонымен қатар, премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.


Рекомендовать
Последние новости