Тоқаев: "Мәмин? Үкіметке бір ай уақыт беремін"

Dalanews 19 июл. 2021 12:37 859

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың жаңа толқыны туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды, - деді Президент бүгінгі жиында.

Сондықтан, оның айтуынша, әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек.

Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс, - деді Тоқаев.

Президент Үкіметке елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін бір ай уақыт берді.


 

"Бүгінгі көтерілген мәселелердің барлығы Үкіметтің ерекше бақылауында болуы керек. Бізге нақты операциялық жоспар қажет. Сіздерден бір ай ішінде қабылданған шаралар туралы есеп берулеріңізді сұраймын", - деді Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалға арналған кеңесте.

Рекомендовать
Последние новости