Тоқаев Көлгіновті жаңа қызметке тағайындады

Көркем Алдабергенова 27 мар. 2024 09:12 2503

Президент Тоқаев Алтай Көлгіновті жаңа қызметке тағайындады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Бұл қызметте болған Нұрлан Сейтімов лауазымынан босатылған. 

Айта кетейік, Көлгінов әр жылдары түрлі қызмет атқарған. Мысалы 2008-2010 жылдары - "АлашМедиаГрупп" ЖШС бас директорының орынбасары, 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. Ал 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болса, 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 

2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

2019 жылдың 13 маусымынан 2022 жылдың 9 желтоқсанына дейін Астана қаласының әкімі болып қызмет еткен. 

Ал 2022 жылы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 


Рекомендовать
Последние новости