Токиода 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады

Көркем Алдабергенова 18 дек. 2025 15:06

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары барысында жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қою көзделіп отыр. Осы мақсатта Президент Токиода Жапонияның жетекші бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Руслан Желдібайдың мәліметінше, сапар аясында 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланған. Келісімдер энергетика, жаңартылатын энергия көздері, цифрландыру, тау-кен өнеркәсібі және көлік секілді стратегиялық маңызды салаларды қамтиды.

Құжаттарға Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» компанияларының өкілдері қол қояды. Ал Жапония атынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO компаниялары қатысады.

Сондай-ақ Руслан Желдібай Президент сапары барысында басқа да ресми келіссөздер мен іскерлік кездесулер өтетінін атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости