"Теракт жасамақ болған". ҰҚК теріс ағымдағы бес адамды ұстады

Dalanews 03 февр. 2020 09:03 819

Олардың бәрі бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотты болғандар.

Деструктивті діни ағымның бес ізбасары қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2020 жылы 27 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды ​​мен Таразда лаңкестік күдігімен деструктивті діни ағымның бес ізбасарын ұстады, олар сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Олардың бәрі бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотты болғандар", - деп атап өтті департаменттегілер.

Бұл адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстінің 257-бабы, яғни "Террористік топты құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу", сондай-ақ 256-бап, яғни "Терроризмді насихаттау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеушілердің айтуынша, бұл топ республикамызда халық көп жиналатын жерлерде теракт жасау мақсатында құрылған. Тергеу жүріп жатыр.

Рекомендовать
Последние новости