Теңізшевройл күрделі жөндеу жұмысын мерзімінен бұрын аяқтады

Dalanews 27 сент. 2021 10:43 883

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) COVID-19 салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, өзінің Теңіздегі нысандарының біріндегі күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарланған мерзімнен төрт күн бұрын аяқтап, өндірісті   қауіпсіз түрде қайта жаңғыртты, – деп хабарлайды Dalanews.kz

2021 жылдың 1 тамызында басталған күрделі жөндеу жабдықтардың сенімділігі мен қауіпсіздігін қолдауға бағытталған. Биылғы профилактикалық жұмыстар Теңіз кенішіндегі шикі газ айдау (ШГА) және екінші буын зауыты (ЕБЖ) нысандарын қамтыды.

– ТШО мен мердігер ұйымдар арасындағы тығыз серіктестік күрделі жөндеу жұмыстарының қауіпсіз орындалуына ықпал етті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының    мемлекеттік органдары тарапынан көрсетілген қолдауды бағалаймыз. Маған   қызметкерлеріміздің күрделі жөндеу шеңберінде 1,4 миллион адам-сағатты  қауіпсіз  атқарудағы  ерекше дағдылары қатты әсер етті, –  деді ТШО бас директоры Кевин Лайон.

COVID-19 пандемиясы жағдайында күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруды техникалық және санитарлық талаптарды қатаң сақталған. Тиісті жұмыстарды қауіпсіз орындап, қызметкерлерді қорғау үшін ауқымды жоспарланып іске асқан.

ТШО пандемия басталысымен кең ауқымды вакцинация бағдарламасын, капсульдық (қызметкерлерді тұрғын жайларда, көлікте және жұмыс орындарында бөлек жайғастыру) бөлу, ПТР-сынамасы мен оқшаулауды  қамтитын бірқатар қорғаныс шараларын енгізді.

 

Рекомендовать
Последние новости