Екпе алған адамдарда "жасыл" статус қашанға дейін сақталады – жаңа қаулы

Dalanews 27 сент. 2021 08:16 999

Вакцинаның екі дозасын алған адамдарда "жасыл" статус бір жылға дейін сақталады.

Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жақында қол қойған жаңа қаулыда айтылған.

COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған адамдарда Ashyq-та "жасыл" статус 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткен соң, екінші дозаны алмаған жағдайда "жасыл" статус "көкке" ауыстырылады.

"Ал коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де салдырған адамдарда "жасыл" статус бір жыл бойы сақталады", - делінген қаулыда.


Коронавируспен ауырған адамдарда "жасыл" мәртебе емделіп шыққаннан кейін соңғы үш ай бойы сақталады.

"Сары" статусы бар (науқастармен байланыста болған) адамдар вирус жұқтырған адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 14 күн өткен соң "көк" түске ауыстырылады.

 

Рекомендовать
Последние новости