Телеграмдағы белгілі арнаның әкімшілері ұсталды: олар ақша бопсалаған

Көркем Алдабергенова 20 дек. 2024 12:12 442

Телеграмдағы белгілі арнаның әкімшілері ұсталды. Олар аноним түрде танымал адамдардың ар-намысына тиетін жазбалар жариялап, олардан ақша талап етіп отырған, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы белгілі журналист Михаил Козачков жазды. 

"Көпшілігіңіз QirSabyn анонимді арнасында жалған және өте арсыз ақпарат жариялауға қатысы бар адамдардың ұсталғанын естіген шығарсыздар. Бұл платформа танымал тұлғалар туралы түрлі жағымсыз оқиғаларды, ғашықтар немесе көңілдестер туралы жалған әңгімелерді таратуға маманданған. Уақыт өте бұл ақпараттарды өшіріп, жарияланған кейіпкерлерден ақша бопсалап отырған",-  дейді журналист.

Козачковтың деректері бойынша кеше, 18 желтоқсанда тергеу нұсқасы бойынша, осы схеманы ұйымдастырған адамдар анықталды.

"Барлығы екі арыздан басталған: біріншісін ірі құрылыс компаниясының иесінің жұбайы, екіншісін жоғары лауазымды құқық қорғау қызметкерінің ұлы ҰҚК-ға жазған.
Екі шағым бір өндіріске біріктіріліп, іс «Ерекше ірі көлемде бопсалау» бабы бойынша квалификацияланған. Тергеуді ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінен құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобына тапсырды, ал оларға ҚМА мамандары көмектесуде.

Тергеушілер алдымен ақшаның ізіне түсті – екі жәбірленуші де материалдарды өшіру үшін ірі сомалар төлеген, сол төлемдер арқылы күдіктілерді анықтады.
Нәтижесінде крипто-әмиян арқылы заңсыз сыйақы алған адам анықталды. Содан кейін оның байланыстары арқылы басқа адамға жетті. Екеуі де ұсталып, жауап алынды, содан кейін арнаның жұмысына қатысы бар басқа адамдар табылды", - дейді журналист.

Телеграм арнаның әкімшілерінің әрқайсында өз рөлі болған.

"Үш адам материалдарды жазып, ақшаны қолма-қолға айналдырған, екі адам арнаның әкімшілері болған, ал олардың үстінде бір басшысы болған – ол схеманың ұйымдастырушысы, оған көмекші де көмектескен. Әзірге фамилияларды жарияламаймыз.

Қазіргі уақытта QirSabyn арнасының жұмысына қатысы бар жеті адам анықталды. Екеуі ұсталып, күдікті ретінде танылды және олар кінәларын мойындады. Барлық күдіктілердің үйлерінде және көліктерінде тінту жүргізілді, гаджеттердегі хаттар мен басқа да құжаттар зерттелуде", - дейді Козачков. 

Ол мұндай әрекеттер үшін оларға тек бопсалау мен жалған ақпарат тарату ғана емес, ұйымдасқан қылмыстық топ құру да тағылуы мүмкін деп санайды.

"Іс бойынша арызданушылар саны да көбеюі мүмкін – мендегі мәлімет бойынша, анонимді арнаға қатысты басқа органдарда қаралып жатқан бірнеше шағым бар", - дейді журналист.


Рекомендовать
Последние новости