Телефондағы алаяқтарды "жынды" қылатын апа пайда болыпты

Dalanews 23 нояб. 2024 11:17 989

Енді қоңырау шалған алаяқтармен сөйлесіп, бас қатырып жатудың қажеті жоқ, мұны Дейзи апаға тапсырсаңыз болғаны. Дейзи деп отырғанымыз, британдық Virgin Media O2 телефон компаниясы жасанды интеллект көмегімен жасап шыққан егде әжей. Оның бар мақсаты - алаяқтармен күні бойы сөйлесу, деп хабарлайды Dalanews.kz.

CBS News-тің хабарлауынша, Дэйзи жасанды интеллект туындысы 14 қарашада іске қосылып, алаяқтармен 1000-нан астам әңгіме жүргізген.

"Ең ұзаққа созылған тілдік байланыс шамамен 40 минутты құрайды. Ол қаскөйлерді өзінің техникалық жағынан сауатсыздығымен ашуландырып, немерелері туралы бос әңгімелер айтумен болған", делінеді шетелдік телеарна хабарламасында.

Дэйзи сөйлескенде адам сияқты көрінуі мүмкін, өйткені оған егде адамның мінез-құлқы көшірілген. Ол қоңырау шалған алаяқтарды тыңдап, олардың дауысын мәтінге айналдыра отырып, аудару арқылы жұмыс істейді. Содан кейін соған сәйкес жауапты табу үшін үлкен дерекқорды қарап, мәтінді сөзге айналдырады. 

Компаниядағылар CBS журналистеріне Дэйзиді оқыту үшін топ алаяқтармен жұмыс істеуге мәжбүр болғандарын айтыпты. 


Рекомендовать
Последние новости