Қорғаныс министрлігі Астана көгінде әскери ұшақтар пайда болатынын ескертті

Dalanews 23 нояб. 2024 11:40 1434

ҚР Қорғаныс министрлігі астаналықтарға үндеу жасады. Елорда тұрғындарына қала көгінде әскери ұшақтар пайда болатыны ескертілді, деп хабарлайды Dalanews.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
 
Құзырлы ведомство 23 және 24 қарашада Астананың үстінен ҚР Қарулы күштерінің әскери атқыш ұшақтары ұшып өтетінін, олар көкте түрлі-түсті бояу қалдыратынын нақтылайды.

"Жауынгерлердің ұшуы қауіпсіз биіктікте өтеді және қала өмірінің әдеттегі тіршілік салтын бұзбайды. Пайдаланылған түрлі-түсті түтіннің экологияға зияны жоқ", делінген хабарламада.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілетіні де атап көрсетілген. 
 
Айта кетсек,22 қарашада Үкімет басшысы Олжас Бектнов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді. Сондй-ақ ол Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Рекомендовать
Последние новости