«Татуласу орталығы» қоғамдық тәртіпті нығайтады

Dalanews 25 окт. 2018 15:05 1310

ҚР Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып жатқан «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының бірі – «Татуласу орталығы» жобасы болып табылады. Жобаның мақсаты – халық арасында дауды соттан тыс шешу, қоғамдағы қайшылықтарды, дауларды азайту институттарын насихаттау және дамыту алаңдарын құру.

Осы мақсатта аудандық сот төрағасы Т.Машрапов пен Сарыағаш аудан әкімі Қ.Абдуалиев бірлесіп «Татуласу орталығын» ашты.

Салтанатты іс-шараны аудан әкімі ашып, өңіріміздегі дауларды азайту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Ашылу рәсіміне сот төрағасы, аудан әкімі, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, әйелдер кеңесі мүшелері, психологтар мен адвокаттар, медиаторлар, БАҚ өкілдері қатысты.

Орталықта азаматтар келіссөздер, талап қою рәсімі, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері, партисипативтік рәсім сияқты алуан түрлі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Өтініш берушілер келіскен жағдайда медиаторлардың көмегі сол орталықта көрсетіледі.

Мұндай орталықтар елімізде қоғамдық тәртіп пен моральдың өркендеуіне септесетіні анық. Шараға жиналғандар мұндай бұл бастама азаматтық қоғамының қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам деп бағалады.

 

 

 

«Dalanews» ақпарат

Рекомендовать
Последние новости