Тасмағамбетов? Елшілер зейнет жасына жеткенде жұмыстан кетеді

Dalanews 11 дек. 2019 13:16 807

Дипломаттар зейнет жасына келгенде жұмысынан кетеді. ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев осылай деді, деп хабарлайды Dalanews.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

РФ-дағы Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов 9 желтоқсан күні 63 жасқа толды. Бұл жаста ер адамдар зейнетке шығады. Әлеуметтік желіде саясаткердің алдағы карьерасы қызу талқыланып жатыр.
"Тасмағамбетовтің немен айналысатынын білмеймін. Мұны басшылықтан сұрау керек", - деді Нұрышев.

Ол дипломаттар мемлекеттік қызметші екенін айтты. Сондықтан олар елдің заңына бағынады. Алайда бұл реттегі шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды.

Sputnik Қазақстан тілшісі дипломат қандай жағдайда өз орнын сақтап қалды деген сұрақ қойды.
"Мұны Мемлекет басшысы шешеді", - деді министрдің бірінші орынбасары.

Иманғали Тасмағамбетов 2017 жылдың 3 ақпанынан бері РФ-дағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі.

Рекомендовать
Последние новости